18 жастағы Шахзода ата-анасынан айырылып, төрт бауырын жалғыз өзі жетілдіруге мәжбүр болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әкесі жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болса, анасы отбасын тастап кеткен. Отбасының жеке баспанасы болмағандықтан, кәмелетке толмаған балаларды балалар үйіне орналастыру мәселесі де туындаған.
Осындай қиын жағдайға тап болған отбасыға әлеуметтік желідегі @chelovekvmaskee парақшасының иесі көмек қолын созған. Ол Шахзоданың ем-домын төлеп, білім алуына жағдай жасаған. Сонымен қатар отбасыға пәтер сыйлаған.
Желідегілер бетперде киген жігітке алғыс айтып, бұл отбасының болашағы жарқын болуын тілеп, тілек білдірудe.