Қазақ әзіл-оспақ өнерінің танымал өкілі, актер Жүсіп Ақшора "Халықтың сүйікті әртісі" медалімен марапатталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Арнайы марапат "Intelligentno Qu" жобасы аясында табысталған. Оны жас әзілкештер мен қазақтілді контент өкілдері ұйымдастырған.
Ұйымдастырушылар Жүсіп Ақшораның қазақ юморы мен сахна өнерінің дамуына қосқан үлесін атап өтіп, оған халық атынан дайындалған медаль мен арнайы куәлік тапсырды.
Сонымен қатар дәстүрге сай актердің иығына ақ шапан жабылды.
Жүсіп Ақшора жас әріптестерінің құрметіне алғыс айтып, өнердегі сабақтастық пен аға буынға құрмет көрсетудің маңызын атап өткен.
Айта кетейік, бұл – мемлекеттік награда емес, арнайы жоба аясында табысталған марапат.