Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова продюсер Баян Алагөзованың жаңа студиясына барып, кездесуден алған әсерін бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Әнші Instagram парақшасында Баян Алагөзовамен бірге түскен суреттерін жариялап, студияның атмосферасы өзіне ерекше ұнағанын жеткізді.
"Баянжанның жаңа студиясына барып, рахаттанып қайттым. Студияда бәрі әдемі, өте таза екен. Шәй ішіп, біраз әңгімелесіп қайттым", – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Жарияланған кадрлардан әншінің гүл шоқтарын алғанын да байқауға болады.
Желі қолданушылары екі өнер иесінің кездесуіне жылы пікір білдіріп, оларға шығармашылық табыс тілеген.