Трамп Зеленскийден Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына шабуылды тоқтатуды талап етті

Бүгін, 10:09 / Ахмет Қанатұлы
Владимир Зеленский мен Дональд Трамп. Фото: Andrew Harnik/Getty Images

Axios порталы Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Басылым мәліметінше, Ақ үй басшысы Украина президентінен Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасалатын шабуылдарды тоқтатуды сұраған.

Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында Нью-Йоркте кездесуге уағдаласқанын мәлімдеген.

Басылым дереккөздерінің айтуынша, әңгіме кезінде АҚШ президенті Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына жасалып жатқан шабуылдар мәселесін көтерген.

"Трамп Зеленскийден Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды бірнеше рет тоқтатуды сұрады. Мұндай соққылар әлем бойынша дизель отынының бағасын көтереді", – делінген жарияланымда.

Басылым дереккөзінің мәліметінше, телефон арқылы әңгіме барысында "дизель" сөзі бірнеше рет қайталанған.

Тэгтер:

Дональд Трамп Владимир Зеленский