Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын атап өткен, деп хабарлайды Arasha.kz.
“Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ”, – делінген құттықтауда.
Қазақстан Президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.