Мектеп оқушылары мінген автобус апатқа ұшырап, 20 адам көз жұмды

Бүгін, 17:09 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Угандада мектеп оқушыларын алып бара жатқан автобус жол апатына ұшырап, кемінде 21 адам, оның ішінде 20 оқушы көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға бейсенбі күні кешке Капчорва округіне қарасты Чеквати ауылында болған.

Полицияның мәліметінше, автобус ел астанасындағы бастауыш мектептердің бірінің оқушыларын Сипи сарқырамасына ұйымдастырылған экскурсиядан кері алып келе жатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, кері қайтар жолда жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус жолдан шығып кетіп, жол жиегіндегі үлкен жартасқа соғылып, аударылған.

Тэгтер:

автобус апат Уганда