22 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазгидрометтің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен елдің бірнеше аймағында жауын-шашын болады. Ал оңтүстік пен батыста күн жылы сақталады.
Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы +25…+32°C, солтүстік-батыста +20…+31°C, солтүстік пен орталықта +18…+27°C, шығыста +13…+23°C шамасында болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндіз +25…+32°C-қа дейін жылынады.
Атырау мен Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Павлодарда түнгі уақытта тұман күтіледі.
Астанада түнде +6…+8°C, күндіз +20…+22°C болады. Жауын-шашын болжанбайды.
Алматыда ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C шамасында болады. Күн жауын-шашынсыз өтеді.
Шымкентте түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C, Түркістанда +30…+32°C, Қызылордада да +30…+32°C-қа дейін ыстық болады.
Атырауда күндіз +28…+30°C күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Оралда ауа температурасы +25…+27°C болады, мұнда да жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Қарағандыда күндіз +21…+23°C, Көкшетауда +20…+22°C, Қостанайда +23…+25°C, Петропавлда +22…+24°C болады.
Шығыста ауа райы салыстырмалы түрде салқын. Семейде күндіз +20…+22°C, Өскеменде +18…+20°C күтіледі.
Синоптиктер желдің күшеюі мен найзағай кезінде сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.