Биоэнергетик Арай Еркінбек қамауға алынған Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, Нұрсұлтанға ауыр жаза тағайындалуына оның және Фаризаның ата-тегі арасындағы бұрыннан келе жатқан жаулық себеп болған.
«Фариза оның сотталып кеткеніне қуанады. Одан да көп жаза алғанын қалайды», – деді Арай Еркінбек.
Сондай-ақ биоэнергетик өзін сарапшы ретінде таныстырып, Нұрсұлтан Жақсыгенді емдей алатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бір рет ем жүргізсе, Нұрсұлтан түрмеден толықтай аман қалады.
«Мен эксперт ретінде Нұрсұлтан Жақсыгенді емдегім келіп тұр. Оны бір рет емдейтін болсам, ол түрмеден толықтай аман қалады», – деді ол.