"Әрқайсымыз елге пайдамызды тигізуіміз керек" – Сырымбек Тау

Бүгін, 15:27 / Ахмет Қанатұлы
Сырымбек Тау. Фото: видеодан кадр

Кәсіпкер Сырымбек Тау Қазақстанның келешегіне күмәнмен емес, сеніммен қарау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның пікірінше, елдің алдағы жылдардағы дамуы әр азаматтың бүгінгі еңбегі мен қоғамға қосқан үлесіне тікелей байланысты.

Сырымбек Тау бұл ойын Мемлекет басшысының ұстаздармен кездесуінде айтқан сөзіне қатысты пікір білдіре отырып жеткізді.

"Бүгін Президентіміздің ұстаздарды қабылдаған кезде айтқан сөзін оқыдым. Мемлекет басшысы болашақты бұлыңғыр етіп елестетпеуге үндеді. Меніңше, біз де Қазақстанның келешегін бұлыңғыр ойламауымыз керек. Егер өркениетті, бүгінгіден де жақсы Қазақстанды көргіміз келсе, әрқайсымыз елге пайдамызды тигізуіміз қажет. 2030, 2035, 2040 немесе 2070-2080 жылдары біздің ұрпағымыз жақсы Қазақстанда өмір сүрсін десек, оған бүгіннен бастап әрбіріміз үлес қосуымыз керек", – деді Сырымбек Тау.

Кәсіпкердің айтуынша, болашақтағы Қазақстанның қандай болатыны бүгін жасалып жатқан нақты істерге байланысты. Сондықтан ол әр адамды елдің дамуына өз саласында үлес қосуға шақырды.

Тэгтер:

Сырымбек Тау