24 қыркүйекте Қазақстанда күн +34 градусқа дейін ысиды

Бүгін, 09:30 / Ахмет Қанатұлы
Күн. Көрнекі фото: MYCHELE DANIAU/AFP via Getty Images

24 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Кейбір солтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, жекелеген аймақтарда жел күшейеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Күндіз ауа температурасы ел бойынша +16...+34°C аралығында болады.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +5...+7°C, күндіз +19...+21°C болады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Алматыда түнде +12...+14°C, күндіз +25...+27°C күтіледі. Шымкентте ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C болады.

Ең жоғары температура Ақтауда тіркеледі. Мұнда күндіз ауа +32...+34°C-қа дейін жылынады. Атырауда +28...+30°C, Оралда +26...+28°C, Ақтөбеде +24...+26°C болады.

Орталық өңірлерде ауа райы салқындау. Қарағандыда күндіз +16...+18°C, Жезқазғанда +22...+24°C болжанып отыр.

Солтүстікте кей жерлерде жаңбыр жауады. Көкшетауда күндіз +19...+21°C, Петропавлда +17...+19°C болады. Петропавлда жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.

Қостанайда күндіз +21...+23°C, Павлодарда +18...+20°C күтіледі.

Шығыс өңірлерде күн салқындау болады. Семейде және Өскеменде күндізгі температура +17...+19°C шамасында сақталады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жылы әрі құрғақ ауа райы жалғасады. Қонаев пен Түркістанда +27...+29°C, Тараз бен Қызылордада +26...+28°C, Талдықорғанда +24...+26°C болады.

Қызылорда мен Түркістанда желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы