Астанада ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Бүгін, 12:30 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Астанада 22 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де автотұрақта әйелге ер адам пышақпен шабуыл жасалған. Полицияға осы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары шабуыл жасаған адамның жәбірленушінің бұрынғы күйеуі екенін анықтады. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.


Әлеуметтік желіде марқұмның есімі Жазира екені және 1996 жылы туғаны жазылды. Сондай-ақ кей қолданушылар әйелге көлігін тұраққа қойып жатқан кезде шабуыл жасалғанын және оның артында екі баласы қалғанын айтқан. 

Тэгтер:

қылмыс Астана әйел