Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Жазғы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Шпагамен семсерлесуден сынға түскен қазақстандық спортшы турнир барысында сәтті өнер көрсетіп, финалға дейін жетті.
Ақтық бәсекеде Проходов жапониялық Коки Каномен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек 15:13 есебімен жарыс қожайынының пайдасына аяқталды.
Коки Кано – Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиада ойындарының шпагамен семсерлесуден чемпионы.
Осылайша, Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медальді салды.