Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл білдірді.
Президент Үкіметтік комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына тиісті көмек пен қолдау көрсетуді міндеттеді.
Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болған еді.