Қазақстанда 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен қабылданған бұл шешім Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қабылданды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды", – делінген Ақорданың хабарламасында.