25 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Бүгін, 09:37 / Ахмет Қанатұлы
Жаңбыр тамшылары. Көрнекі сурет: pexels.com

25 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, кей өңірлерде жаңбыр жауады. "Қазгидромет" ел аумағына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +7…+9°C, күндіз +13…+15°C болады.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Жел 3-8 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +23…+25°C.

Шымкентте күн жауын-шашынсыз өтеді. Жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Ақтауда жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +28…+30°C.

Ақтөбеде жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с, екпіні 10 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +21…+23°C.

Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Жел 7-12 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.

Көкшетауда жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +6…+8°C, күндіз +13…+15°C.

Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7-12 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.

Қонаевта жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

Қостанайда жауын-шашын күтілмейді. Жел 9-14 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +17…+19°C.

Қызылордада күн ашық болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.

Оралда жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +25…+27°C.

Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Жел 5-10 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +18…+20°C.

Павлодарда жаңбыр жауады. Жел 5-10 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +15…+17°C.

Петропавлда жауын-шашынсыз, бірақ жел күшейеді. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +14…+16°C.

Семейде жауын-шашын болмайды. Жел 5-10 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Түнде +2…+4°C, күндіз +21…+23°C. Жел 7-12 м/с.

Таразда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Түркістанда да жауын-шашын күтілмейді. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы