25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Осылайша Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан әскери қызметшілер саны 14-ке жетті.
Іздестіру-құтқару операциясы аяқталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Оның айтуынша, үш әскери қызметші құтқарылған.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Президенттің тапсырмасымен Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы жағдайға байланысты құзырлы органдар қылмыстық істер де қозғаған.