Маңғыстауда көз жұмған әскерлердің видеосы тарады

Бүгін, 15:19 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Маңғыстауда суға кетіп көз жұмған әскерлердің видеосы тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Видеода «Үйге қайтуға 1-2 апта ғана қалды» деп жазылған. 

«29011 ВМС ДШБ сарбаздары Отан алдындағы борыштарын абыроймен өтеп, енді туған жері мен отбасына оралатын күнді күтуде. Әр сарбаздың артында асыға күтіп отырған ата-анасы, бауырлары бар. Сол себепті ең басты тілегіміз – амандық, абыройлы қызмет және елге аман-есен оралу!», - делінген видеода. 

Айта кетейік, Каспий теңізіне 17 әскери қызметші барған. Қазіргі уақытта олардың он төрті қаза тапқаны белгілі болды. Үш әскери қызметші аман қалған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. 

Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары дереу жіберілген. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, авиация және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылған. 

Тэгтер:

әскер сарбаз марқұм