Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздың әкесі наразылық білдірді

Бүгін, 09:12 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Маңғыстаудағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 20 жастағы матрос Мейрамбек Бердіхановты жерлеу рәсімінен видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кадрларда марқұмның әкесі әскери қызметшілерге ашуын білдіріп, ұлының денесі отбасына қарапайым таксимен жеткізілгеніне наразылық танытады.

Қайғыдан қан жұтқан әке бұдан былай кіші ұлдарын әскерге жібермейтінін айтып, болған жағдайға өкінішін жеткізген.

Видео авторының жазуынша, қаза тапқан әскери қызметшіге мұндай қарым-қатынас жасалмауы керек. Ол оқиғаға жауапты адамдарды анықтап, тиісті шара қолдануға шақырды.

Мейрамбек Бердіханов Маңғыстауда Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі.

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

қылмыс сарбаз марқұм