Жетісуда өрттен көз жұмған үш балаға қатысты жаңа дерек шықты

Бүгін, 10:01 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Жетісу облысының Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында жеке үйден өрт шығып, үш бала қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы жағдай 25 қыркүйек күні таңертең болған. Төрт пәтер орналасқан барак үлгісіндегі тұрғын үйдің бірінен өрт шыққан.

Төтенше жағдай туралы хабарлама құтқарушыларға сағат 07:34-те түскен. Өрт шамамен 70 шаршы метр аумаққа тараған. Құтқарушылар жалынды сағат 08:17-де оқшаулаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт кезінде үш бала көз жұмған. Қаза болған балалардың бірі бір жаста болса, қалған екеуі алты және сегіз жаста болған.

Өртті сөндіруге ТЖД-ның 16 қызметкері мен бес техникасы жұмылдырылған.

Қазір мамандар өрттің шығу себебі мен балалардың қаза болуына қатысты мән-жайды анықтап жатыр.

Тэгтер:

өрт ақпарат Жетісу