Қазнетте үш блогердің тікелей эфир кезінде айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.
Эфир барысында көрермендердің бірі елде жарияланған қаралы күнге қатысты сұрақ қойған. Осы кезде блогерлердің бірі қаза болған азаматтарға қатысты пікір білдіріп, «Олар біз үшін қаза тапты ма?» деген мазмұнда сөз айтқан.
Бұл пікір әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Желіде көпшілік қаза болған азаматтарға қатысты мұндай сөздің орынсыз екенін айтып, блогерді сынға алды.
Тікелей эфирдегі өзге блогерлердің де әңгімесі әлеуметтік желіде талқыланып, видеодан үзінділер түрлі парақшаларда тарады.
Еске салайық, Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.