Табиғи апаттан 21 адам қаза тапты

Бүгін, 10:54 / Альфия Адамбек
Фото: видеодан кадр

Непалда табиғи апаттан 21 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Nepal News мәліметінше, Непалдың әр өңірінде су тасқыны, көшкін, қар көшкіні және қатты дауыл болып, табиғи апаттардан қаза тапқандар саны 21 адамға жеткен.

Әлеуметтік желілерде Мананг ауданындағы туристік лагерьге қар көшкіні түскен сәттің видеосы да тарады.

Қазір елдің бірнеше аймағында табиғи апаттардың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

апат Непал марқұм