Қазақстандық спортшы Азия ойындарындағы алтыннан айырылды

Бүгін, 11:45 / Альфия Адамбек
Фото: Qazsport.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында әйелдер арасындағы 42,195 шақырымдық спорттық жүрісте бірінші болып мәреге жеткенімен, кейін жарыстан шеттетілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тоқсанбаева қашықтықты 3 сағат 22 минут 22 секундта бағындырған. Алайда жарыстан кейін төрешілер спортшының аяқ киімін тексерген.

Тексеру барысында оның кроссовкасының табаны белгіленген талаптан 4 миллиметрге қалың екені анықталған. Осыған байланысты World Athletics жарыс нәтижесін жойып, қазақстандық спортшыны дисквалификациялады.

Нәтижесінде алтын медаль Қытай спортшысы Данцзин Цюйцзунға берілді.

Тэгтер:

алтын ойын Азия Жеңіл атлет