Конституциялық Сот Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін, 12:22 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бақыт Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін ол Конституциялық Соттың судьясы қызметін атқарған.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев