«Біз үшін өлді ме?» деген сөзі үшін Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Бүгін, 15:38 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Шымкентте қаралы күнге байланысты TikTok-та тікелей эфирге шыққан 21 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

ІІМ мәліметінше, полиция әлеуметтік желілерді бақылау кезінде тікелей эфирді анықтаған. Эфир барысында Нұрахмет Бердібай көрерменнің қаралы күнге қатысты сұрағына жауап беріп, қоғамға құрметсіздік танытатын сөздер айтқан. Ол марқұм жас сарбаздар туралы "біз үшін өліп пе?" деп жауап қайтарған. 

Тікелей эфирге тағы екі азамат — 22 жастағы Абзал Мусурманқұл мен Бақдәулет Мұстафа қатысқан.

Сот шешімімен Нұрахмет Бердібай 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Ал үш азаматқа да қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермеу туралы ресми ескерту жасалып, бір ай мерзімге профилактикалық есепке қойылған.

Тэгтер:

шымкент ақпарат түрме сарбаз