29 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін, 09:58 / Ахмет Қанатұлы
Аспан. Көрнекі фото: Annette Riedl/picture alliance via Getty Images

29 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі температура төмендеп, кей жерде үсік жүреді. Ал оңтүстік пен батыста күн жылы болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1…+3°C болып, топырақ бетінде -3°C-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз +17…+19°C. Жел екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +9…+11°C, күндіз +21…+23°C болады. Шымкентте түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C болжанады.

Батыста да күн салыстырмалы түрде жылы. Ақтауда +24…+26°C, Атырауда +22…+24°C, Ақтөбеде +19…+21°C, Оралда +18…+20°C болады.

Орталық өңірлерде түн суытады. Қарағандыда түнде 0…+2°C болып, топырақ бетінде -3°C-қа дейін үсікжүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +15…+17°C. Жезқазғанда күндіз +18…+20°C күтіледі.

Солтүстікте де үсік болжанып отыр. Көкшетауда түнде +2…+4°C, топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік, күндіз +16…+18°C болады. Қостанайда +17…+19°C, Петропавлда +18…+20°C күтіледі.

Шығыста түнгі ауа температурасы нөлден төмен түсуі ықтимал. Павлодар мен Өскеменде түнде -1…-3°C, күндіз +16…+18°C болады. Семейде түнде +2…+4°C, топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде күн жылырақ. Тараз, Түркістан және Қызылордада ауа температурасы күндіз +23…+25°C-қа дейін көтеріледі. Түркістанда желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Қонаев пен Талдықорғанда күндіз +21…+23°C болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болжанбайды.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы