Айбек Оралбай қарсыласын нокдаунға түсіріп, Азия ойындарының финалына жолдама алды

Бүгін, 12:05 / Ахмет Қанатұлы
Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда Үндістан өкілін сенімді жеңді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айбек жекпе-жекті белсенді бастап, алғашқы раундта-ақ басымдықты өз қолына алды. Бес төрешінің барлығы бірінші раундты қазақстандық боксшының пайдасына бағалады – 5:0.

Екінші раундта да Оралбай қарсыласына мүмкіндік бермей, төрешілердің бірауыздан шешімімен тағы да 5:0 есебімен алда болды.

Шешуші үшінші раундта Айбек қарқынын күшейтіп, үндістандық боксшыны нокдаунға түсірді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы айқын жеңіске жетіп, Азия ойындарының финалына өтті.

Финалда кіммен кездеседі?

Алтын медаль үшін жекпе-жекте Айбек Оралбай Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады.

Тэгтер:

бокс Айбек Оралбай