"Қазгидромет" 30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, кейбір өңірлерде түнде үсік күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +19…+21°C.
Алматыда жауын-шашынсыз. Түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 8-13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.
Ақтауда түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C. Жауын-шашын күтілмейді.
Ақтөбеде түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C. Күн ашық болады.
Атырауда түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Жезқазғанда түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C.
Қарағандыда түнде +2…+4°C, топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз +19…+21°C. Жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Көкшетауда түнде +2…+4°C, топырақ бетінде -2°C-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз +16…+18°C.
Қонаевта түнде +7…+9°C, күндіз +21…+23°C.
Қостанайда түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.
Қызылордада түнде +10…+12°C, күндіз +23…+25°C.
Павлодарда түнде +2…+4°C, топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік болады. Күндіз +18…+20°C.
Петропавлда түнде +3…+5°C, топырақ бетінде -1°C-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз +19…+21°C.
Семейде түнде +3…+5°C, күндіз +18…+20°C. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Талдықорғанда түнде 0…+2°C, күндіз +25…+27°C.
Таразда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+12°C, күндіз +21…+23°C.
Түркістанда түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Оралда түнде +3…+5°C, күндіз +19…+21°C.
Өскеменде түнде -2…-4°C дейін суытып, күндіз ауа температурасы +17…+19°C болады.
Ең жылы ауа райы Талдықорғанда күтіледі – күндіз температура +27°C-қа дейін көтеріледі. Ал түнгі ең төмен температура Өскеменде тіркелуі мүмкін.