1-3 қазанда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Батыс және солтүстік-батыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, жел күшеюі мүмкін.
Елдің батысында ауа температурасы түнде -1…-6°С-қа дейін, күндіз +3…+8°С-қа дейін, солтүстік-батыста күндіз ауа температурасы +15…+25°С-тан +5…+15°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы +13…+23°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде +20…+25°С, таулы аймақтарда +10…+15°С болады.