Гүлзира Айдарбекова Роза Әшірбаеваның сөзіне шүйлікті

Бүгін, 16:10 / Альфия Адамбек
Коллаж: әлеуметтік желі

Продюсер Гүлзира Айдарбекова енесінен рұқсат сұрап, қайда баратынын айтып отыратын келіндерді сынаған Роза Әшірбаеваның пікіріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Айдарбекова әлеуметтік желідегі жазбасында отбасындағы үлкенді сыйлау мен өзара құрметтің маңызын атап өтті. Ол Розаның бұл кеңесін құптамайтынын ашық жеткізді.

«Сұранса бір жері кеміп қалады да, сұранбай кетсе қарағайдай маңдайына мүйіз шыға ма екен? Жастар онсыз да үміт артып, өсіріп отырған өз ата-анасын емес, осылай ақыл берушілерді тыңдап, өзгеріп кетті», – деп жазды продюсер.

Оның айтуынша, келіндерімен үнемі ақылдасып, қажет кезде олардың көмегіне жүгінеді. Өзі де ене екенін еске салған Айдарбекова отбасындағы әр адамның бір-біріне құрметпен қарап, маңызды мәселелерді өзара кеңесіп шешкені дұрыс екенін айтты.

«Мен Розамен сыйласамын, бірақ мына сөзі денемді тітіркентті», – деді ол.

Продюсер жазбасының соңында аналар мен келіндерді бір-біріне түсіністікпен қарап, реніш пен менмендікке жол бермеуге шақырды.

Тэгтер:

ене келін пікір Гүлзира Айдарбекова