Түркістан облысында 38 жастағы ер адам 5 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Полиция мәліметінше, күдікті Шымкент тұрғынын ар-намысына нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп қорқытып, ақша талап еткен.
Тінту кезінде одан телефон және 5 миллион теңге тәркіленді.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.