Күн күрт құбылады: 3 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін, 09:45 / Ахмет Қанатұлы
Жаңбыр тамшылары. Көрнекі сурет: Shutterstock

3 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бірқатар өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Елдің орталық аймақтарында кей жерде қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

"Қазгидромет" болжамына сәйкес, Қазақстан аумағына солтүстік циклонның келуіне байланысты алдағы күндері күн күрт салқындап, кей өңірлерде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.

Астанада жаңбыр жауады

Елордада 3 қазанда күн құбылмалы бұлтты болып, жаңбыр жауады.

Түнде ауа температурасы +9...+11°C, күндіз +19...+21°C болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с шамасында.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз болады.

Түнде +9...+11°C, күндіз +22...+24°C күтіледі. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте найзағай болады

Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C болады. Желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыста күн салқындайды

Ақтауда жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнде +10...+12°C, күндіз +15...+17°C.

Ақтөбеде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +7...+9°C болады.

Атырауда жаңбыр жауады. Түнде +3...+5°C, күндіз +10...+12°C.

Оралда күн айтарлықтай салқын болады. Түнде 0...+2°C, күндіз небәрі +4...+6°C күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Орталық өңірлерде жаңбыр мен қатты жел

Жезқазғанда түнде +3...+5°C, күндіз +20...+22°C болады. Жаңбыр жауып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағандыда да жаңбыр күтіледі. Түнде +9...+11°C, күндіз +19...+21°C.

Солтүстікте күн салқын

Көкшетауда жаңбыр жауады. Түнде +7...+9°C, күндіз +16...+18°C.

Қостанайда түнде +3...+5°C, күндіз +8...+10°C болады.

Петропавлда жаңбыр жауып, жел күшейеді. Түнгі температура +6...+8°C, күндіз +14...+16°C шамасында.

Шығыста жауын-шашынсыз

Павлодарда күндіз +21...+23°C, түнде +5...+7°C болады. Жауын-шашын күтілмейді.

Семейде де күн ашықтау болады. Түнде +7...+9°C, күндіз +21...+23°C.

Өскеменде түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C болжанып отыр.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жылы

Қонаевта жауын-шашынсыз. Түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C.

Талдықорғанда түнде 0...+2°C болғанымен, күндіз ауа температурасы +23...+25°C-қа дейін көтеріледі.

Таразда күндіз +25...+27°C болады.

Ал Қызылорда мен Түркістанда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Күндіз ауа температурасы тиісінше +23...+25°C және +27...+29°C шамасында сақталады.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы