Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі жоғары лауазымды тұлғаларды қызметінен босатты

Бүгін, 14:53 / Ахмет Қанатұлы
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қорғаныс министрлігіндегі бірқатар жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен кетті.

Сондай-ақ Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев