Қазақстан дзюдо құрамасы Азия ойындарында командалық сында күміс алды

Бүгін, 15:32 / Ахмет Қанатұлы
Қазақстан дзюдо құрамасы. Фото: Сали Сабиров/ ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан дзюдо құрамасы аралас командалық жарыста күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Командалық сында 10 елдің спортшылары бақ сынады. Қазақстан құрамасы ширек финалда Қырғызстанды 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Кореяны 4:3 нәтижесімен ұтты.

Финалда қазақстандық дзюдошылар жарыс қожайындары – Жапония құрамасымен кездесті. Шешуші бәсекеде жапон спортшылары алғашқы төрт белдесуде жеңіске жетіп, 4:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Жапония алтын медаль иеленсе, Қазақстан күміс жүлдеге қол жеткізді. Қола медальдарды Қытай мен Өзбекстан құрамалары бөлісті.

Қазақстан сапында Бақытжан Абдурахманов, Айдар Арапов, Ғұсман Қырғызбаев, Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Дана Әбдірова, Екатерина Токарева және Меруерт Сәрсенова күміс жүлдегер атанды.

Осы нәтижемен Қазақстан дзюдо құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын жеті медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынында бес күміс және екі қола жүлде бар.

Тэгтер:

дзюдо азия ойындары