3 қазанда Кенияның Момбаса қаласына апаратын тасжолда бірнеше көлік соқтығысып, кемінде 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Марқұмдардың басым бөлігі діни шараға бара жатқан католик қажылары болған. Оқиға Найробиден шамамен 90 шақырым жерде орналасқан Салама ауданында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озуға әрекет жасаған кезде апатқа себеп болған. Соның салдарынан бірнеше көлік, оның ішінде қажылар отырған шағын автобус соқтығысқан. Автобуста болған жүргізуші мен 16 жолаушының барлығы оқиға орнында көз жұмған.