Қызылорда облысында екі судья пара алғаны үшін сотталды

Бүгін, 14:32 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Қызылорда облысында екі судья 9 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қазалы аудандық сотының төрағасы Д.Әбдіқалықов пен судья С.Бертай 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

ҰҚК биыл қаңтар айында аталған лауазымды тұлғаларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұстаған болатын.

Тэгтер:

қылмыс сот Қызылорда судья