16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызы көптің сұрағына жауап берді

Бүгін, 16:16 / Альфия Адамбек
Фото: әлеуметтік желі

Абай Бегейдің ерте тұрмыс құрған қызы Сымбат отбасылық өмірге қалай келгенін айтып берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сымбат Абайқызының сөзінше, ол бастапқыда ерте тұрмысқа шығуды жоспарламаған. Алайда қазіргі күйеуі Мұстафа екеуі сөйлесіп жүрген кезде жігіт оны келісімінсіз алып қашқан.

“Мен 16 жасында тұрмысқа шыққан Абай Бегейдің қызымын. Негізі, күйеуге шығамын деп ойлаған жоқпын. Екеуміз сөйлесіп жүрген кезде Мұстафа мені алып қашып кетті. Бұл туралы бұрын әлеуметтік желіде айтпаған едім”, – деді ол.

Сымбаттың айтуынша, алып қашқаннан кейін ол жігіттің үйінен қашып кеткен. Кейін Мұстафаның отбасы Абай Бегейдің алдына барып, ресми түрде рұқсат сұраған.

“Содан кейін олар әкемнің алдына келіп, рұқсатын алды. Қазір еш өкінбеймін. Күйеуім екеуміз өмірдің қызығын да, қиындығын да бірге көріп жүрміз. Ол маған ешқандай шектеу қоймайды. Атам мен енем де өте жақсы адамдар”, – деді Сымбат.

Ол сондай-ақ бүгінде 18 жасында ана атанғанын айтып, тұрмысқа шыққаннан кейін үйден шықпай, шектеуде отырған жоқ екенін атап өтті.

Тэгтер:

қыз әнші отбасы Абай Бегей