Астанадағы тұрғын үй кешенінің маңында бес көлік толықтай өртеніп кетті

Бүгін, 10:47 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Астанада бес көлік бірдей өртеніп кетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 6 қазан күні Сарайшық ауданының Байтұрсынов көшесінде болған. 

Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде бес көлік те ашық жалынмен өртеніп жатқан. Қатты соққан желдің салдарынан қызыл жалын қатар тұрған автокөліктерге жылдам тараған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Тэгтер:

Астана өрт көлік