Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ұсталды

Бүгін, 15:19 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков Каспий теңізінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты іс бойынша ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол қызметіне салғырт қарады деген күдікке ілінген. Ниязбеков алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейін сот санкциясымен қамауға алынды.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Ауа райы күрт нашарлаған соң 17 әскери қызметшіні ашық теңізге ағыс алып кеткен. Олардың үшеуі аман қалып, 14 адам қаза тапты.

Оқиғадан кейін әскери басшылықтың әрекетіне қатысты тергеу басталды. Бұған дейін осы іс аясында тағы бес лауазымды тұлға ұсталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:

Каспий басшы 14 сарбаз