Алматының Алатау ауданында екі қабатты кафеден өрт шықты. Оқиға бүгін таңертең Емцов көшесінде болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама "112" пультіне түскеннен кейін оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жеткен.
"Бүгін таңертең "112" пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Емцов көшесінде орналасқан кафеде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар келген кезде екі қабатты кафенің екінші қабатындағы бар сөресі мен жиһаз жанып жатқан.
Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жалынды толық сөндірді.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.