9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгін, 09:37 / Ахмет Қанатұлы
Тұман. Көрнекі фото: pexels.com

9 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің шығысында және солтүстік өңірлердің кей бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жұма күні бірқатар аймақта екпінді жел сақталып, ауа райы құбылмалы болады.

Астанада жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +9…+11°C.

Алматыда жауын-шашынсыз. Түнде +8…+10°C, күндіз +19…+21°C.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтауда жауын-шашынсыз. Түнде +13…+15°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C.

Атырауда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +9…+11°C, күндіз +24…+26°C.

Жезқазғанда жауын-шашынсыз. Түнде +2…+4°C, күндіз +13…+15°C.

Қарағандыда жаңбыр жауады. Жел екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +5…+7°C, күндіз +9…+11°C.

Көкшетауда жауын-шашынсыз, алайда желдің екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +3…+5°C, күндіз +8…+10°C.

Қонаевта жауын-шашын болмайды. Түнде +8…+10°C, күндіз +20…+22°C.

Қостанайда жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C.

Қызылордада күн ашық болады. Түнде +7…+9°C, күндіз +23…+25°C.

Павлодарда жаңбыр жауып, жел екпіні 15–20 м/с болады. Түнде +4…+6°C, күндіз +9…+11°C.

Петропавлда жауын-шашынсыз, жел 15–20 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +7…+9°C.

Семейде жаңбыр жауады. Жел екпіні 15–20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде +6…+8°C, күндіз +12…+14°C.

Талдықорғанда жауын-шашынсыз. Түнде +2…+4°C, күндіз +20…+22°C.

Таразда жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6…+8°C, күндіз +19…+21°C.

Түркістанда жауын-шашынсыз. Түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C.

Оралда жауын-шашын болмайды. Түнде +2…+4°C, күндіз +18…+20°C.

Өскеменде жаңбыр жауып, жел екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Түнде +8…+10°C, күндіз +11…+13°C.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы