Қостанай облысының Жітіқара қаласында теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы болды. Lada Kalina маркалы жеңіл көлік локомотивпен соқтығысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиғаға байланысты автокөлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші теміржол өткеліне бағдаршамның тыйым салатын сигналы жанып тұрған кезде шыққан.
"Жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне мән бермей, теміржолға шығып кетіп, локомотивпен соқтығысқаны анықталды. Зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелмеген.
Полиция жүргізушілерге теміржол өткелдерінен өтер кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, бағдаршам сигналдары мен жол белгілеріне ерекше назар аударуды ескертті.