Теміртауда ерлі-зайыптының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде олардың 20 жастағы ұлы ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қайғылы оқиға 7 қазанда болған. Республика даңғылындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылған.
Полиция мәліметінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен марқұмдардың 20 жастағы ұлы ұсталған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Әзірге қылмыстың нақты неден туындағаны және оқиғаның қалай болғаны туралы толық ақпарат жарияланған жоқ.