Дастан Сәтбаев жарақатынан айығып, "Бернлидің" жаттығуына оралды

Бүгін, 15:17 / Ахмет Қанатұлы

Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін «Бернлидің» жаттығуына қайта кірісті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Футболшы бір айдан астам уақыт алаңға шықпаған. Ол қыркүйек айының басында Чемпионшиптегі «Мидлсброға» қарсы кездесуде жарақат алып, содан кейін бірнеше апта команда ойындарынан тыс қалған еді.

Енді Сәтбаев жаттығу процесіне қайта қосылды. Оның 10 қазанда өтетін «Уотфордқа» қарсы матчқа қатысу мүмкіндігі бар.

«Бернли» бас бапкері Ники Хейен команда халықаралық үзілістен кейін алдағы ойынға тыңғылықты дайындалып жатқанын айтты. Клубтың ресми кестесіне сәйкес, «Уотфорд» – «Бернли» кездесуі 10 қазанда «Викаридж Роуд» стадионында өтеді.

Сәтбаевтың жарақатына дейін Чемпионшипте үш матчқа және Англия лигасы кубогында бір кездесуге қатысқаны хабарланған.

Дастан Сәтбаев биыл жазда «Челсиге» ауысып, кейін 2026/27 маусымына «Бернлиге» жалға берілген болатын. Ағылшын клубы қазақстандық шабуылшының трансферін тамыз айында ресми жариялаған.