Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Бүгін, 13:23 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Шымкентте құбыр төсеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Құбыр төсеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылардың қаза табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, олар құдықтағы қалдық газдан уланған. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

шымкент жұмысшы құбыр төсеу