Алматыда әйелге тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған шетелдік 15 тәулікке қамалды

Бүгін, 14:53 / Альфия Адамбек
Фото: freepik

Алматыдағы Терренкур серуендеу аймағында бейтаныс әйелге тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған шетелдік азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Полиция мәліметінше, ер адам Терренкур аллеясында серуендеп жүрген бейтаныс әйелдің бөксесінен ұстаған. Құқық бұзушының Қазақстанға бір күн бұрын келген шетелдік турист екені анықталды.

“Терренкур аллеясында ер адам бейтаныс әйелге қатысты әдепсіз әрекетке барып, оның бөксесінен ұстаған. Оқиғаға Қазақстанға бір күн бұрын келген шетелдік туристің қатысы бар екені анықталды. Медеу аудандық полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар полиция шетелдік азаматтың Қазақстан аумағында одан әрі болу мәселесін қарау үшін сотқа тиісті материалдарды жолдады.

Тэгтер:

алматы полиция шетел азамат