“Карма”: Музыкант Ақсұңқардың жазбасы жұрттың ашуына тиді

Бүгін, 15:48 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Отандық шоу-бизнесте тағы бір дау шықты. Қайрат Нұртастың концертіне кіре алмаған көрермендер наразылық білдіріп жатқанда, музыкант Ақсұңқардың Threads желісіндегі жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі өзінің сахнада гитара тартып, еркін жұмыс істейтінін айтып, қарапайым халықтың қиындықтарына қатысты пікір білдірген. Сондай-ақ былтыр өзіне жарияланған бойкотты еске алып, қазіргі жағдайды соның “кармасы” деп бағалаған.

“Маған емес, өздеріңе қиын болады, эгом сондай”, – деген сөзі желі қолданушыларына ұнамаған.

Жазбаға ашуланған оқырмандар музыкантты сынап, оған қайтадан бойкот жариялауға шақырды.

Көпшіліктің сынынан кейін Ақсұңқар кешірім сұрап, ойын дұрыс жеткізе алмағанын мойындады.

“Сәл сөз құрай алмайтыным бар, мойындаймын. Ойымды дұрыс жеткізе алмай, әрдайым осылай таяқ жеп жүрем”, – деп түсіндірді ол.

Музыкант шынайы өмірде қарапайым адам екенін айтып, жазбасының көпшілікке жағымсыз әсер қалдырғанына қатысты пікір білдірді.

Алайда оның алғашқы мәлімдемесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Тэгтер:

әнші жазба Шу Ақсұңқар