Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы бұл шешімді Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін қабылдаған. Бұған дейін тараптар барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін талқылаған еді.
Жарлыққа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, сондай-ақ оны дайындау және өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды.
Құжат жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, 9 қазанда Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша аумақтық сайлау комиссияларына арналған семинар өткізген.
Енді кезектен тыс мәслихат сайлауының нақты күні Орталық сайлау комиссиясының шешімімен белгіленеді.