Көріпкел әйел Ырысбала туралы мәлімдеме жасады

Бүгін, 15:35 / Альфия Адамбек
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

TikTok желісінде өзін көріпкел әрі емші деп таныстыратын Құралай Құлмырзаева блогер, қайырымдылық қорының жетекшісі Ырысбала Икрамбайға қатысты ауыр айыптаулар айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құлмырзаева блогердің зәулім үйі оған бақыт әкелмейтінін, керісінше қиындықтарға себеп болатынын болжаған. Алайда бұл – оның жеке пайымы, мұндай болжамның нақты негізі көрсетілмеген.

Сондай-ақ ол Ырысбаланы қайырымдылыққа жиналған халықтың қаражатына 700 шаршы метрлік үй салды деп айыптады. Мұқтаж отбасыларға берілген баспаналардың сапасын да сынап, блогердің өзіне үлкен үй алғанын алға тартты.

Тэгтер:

ақпарат отбасы көріпкел Ырысбала Икрамбай