13 қазандағы ауа райы: Еліміздің оңтүстігі мен батысында күн жылы болады

Бүгін, 09:40 / Ахмет Қанатұлы
Күз. Фото: Amith Nag Photography/Getty Images

13 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. "Қазгидромет" мәліметінше, ел аумағына ауқымды антициклон әсер етеді. Тек оңтүстік пен шығыстың кей бөліктерінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерде тұман түсуі мүмкін. Батыста шаңды дауыл қаупі бар.

Астана

Елордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде ауа температурасы +2…+4°C, күндіз +13…+15°C болады. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с.

Алматы

Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C. Жел 3–8 м/с жылдамдықпен соғады.

Шымкент

Шымкентте күндіз ауа температурасы +21…+23°C-қа дейін көтеріледі. Түнде +8…+10°C. Желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. «Қазгидромет» түнгі уақытта жаңбыр мен найзағай ықтималдығын көрсетіп отыр.

Батыс өңірлерде күн жылы болады

Ақтау, Ақтөбе, Атырау және Оралда ауа райы салыстырмалы түрде жылы сақталады. Кей өңірлерде күндізгі температура +25…+27°C-қа дейін жетеді. Сонымен бірге батыста жел күшейіп, жекелеген аудандарда шаңды дауыл болуы мүмкін.

Оңтүстікте де жылы

Қызылорда, Түркістан және оңтүстік өңірлерде күн жылы болады. Қызылорда облысында күндіз температура +22…+27°C аралығында болжанған.

Ал Алматы облысының кей аудандарында жаңбыр, таулы жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Облыста күндіз +19…+24°C, таулы аудандарда +9…+14°C болады.

Алдағы күндері күн салқындайды

Синоптиктердің болжамынша, 13–15 қазан аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 15 қазанда шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын күшейіп, шығыс және солтүстік аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін.

Тэгтер:

ауа райы ауа райы болжамы