Ақтөбеде 35 жастағы әйел қаза тапты. Әлеуметтік желіде қылмыс сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Кісі өлтірді деген күдікпен Атырау қаласының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам мен әйел бір-бірін таныған. Олардың арасында жанжал туындап, күдікті әйелге пышақ жарақатын салған. Әйел оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір қылмыстың себебі анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.